Карантин: Кафе және ресторандарға қойылған шектеу күшейтіледі
20 шілдеден бастап Өзбекстанда қоғамдық тамақтану орындары тек ашық орындарда (08: 00-ден 20: 00-ге дейін) жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен осы жылдың 28 маусымынан бастап елдегі ойын-сауық орталық, мейрамхана, түнгі клубтар, дискотекалар, караоке, бильярд залдары мен компьютерлік ойын орталықтары, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары - кафе, ас үй мен шайханалар таңғы сағат 8: 00-ден кешкі 20: 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 20 шілдесінен яғни аптаның сейсенбі күнінен бастап қоғамдық тамақтану орындары - мейрамханалар, кафе, асхана мен шайханалар тек ашық ауада 8:00-ден 20: 00-ге дейін жұмыс істей алады.