Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль АльваресТехас штатында алдағы жекпе-жек алдынан британдық боксшы Каллум Смитпен көз арбасты.
«Allboxing» басылымының хабарлауынша, 19 желтоқсанда Сан-Антонио қаласындағы «Alamodome» аренасында өтуі жоспарланған бокс кеші алдынан екі былғары қолғап шеберлері көз арбасу шарсына қатысты. Атаулы шара ғимараттың шатырында ұйымдастырылған.
Кездесуден кейін боксшылар мен олардың командаластары коронавирустық сынақтардан өтіп, жекпе-жекке дейін карантинге алынатынын хабарланған.
Еске салар болсақ, «Boxingnews24.com» басылымының журналисті Дэн Эмброуз Канело бұл жекпе-жекте Смитке ұтылған жағдайда қазақстандық «GGG» Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін болған үшінші жекпе-жек жайлы мүлдем ұмытсада болады, деген еді.
Ал, Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша чемпион қазақстандық Геннадий Головкин 18 желтоқсанда польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасады. Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штатында өтеді.