English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Канадалық ғалымдар коронавирустың таралуын шектеуші препарат ойлап тапты
09:23 / 2020-04-16

Вирусологтардың айтуынша «Ремдесивир» COVID-19 індетін тудыратын коронавирусқа қарсы тікелей әсер ететін құрал ретінде бағалауға болады


Канададағы Альберта университетінің ғалымдары COVID-19 коронавирустың тарауын болдырмауға әсер етуші препарат ойлап тапқаны жайлы зерттеулер нәтижесін «Journal of Biological Chemisty» ғылыми жұрналында жариялаған.

Басылымда жарияланған жаңалықта эбола безгегін емдеуде қолданылатын «Ремдесивир» (RDV) препаратының РНК құрылымы коронавирустікіне ұқсас Таяу Шығыс респираторлы синдромы (MERS) және SARS-CoV типті пневмонияға қарсы сынақтан өткенін жазады.

Ғалымдардың осы зерттеуінің нәтижесінде SARS-CoV, MERS-CoV пен SARS-CoV-2 типтерінен бір түрдегі ұқсастықты байқаған. Вирусологтардың айтуынша «Ремдесивир» COVID-19 індетін тудыратын коронавирусқа қарсы тікелей әсер ететін құрал ретінде бағалауға болады.