English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Канадада жүргізушісіз басқарылатын қалалық автобустар сынақтан өтуде
15:31 / 2020-11-05

Канада астанасында жүргізушісіз басқарылатын EX10 автобус маршруты сынақ ретінде іске қосылды. Бұл прцесс қараша айының ортасына дейін жалғасады, деп хабарлайды «Korrespondent.net».

Онда айтылуынша, жобаны EasyMile компаниясы Онтарио провинциясындағы автоматтандырылған көлік құралдарын сынау бағдарламасы аясында жасаған. Оның орындалуын бірқатар арнайы компаниялар, Оттава әкімшілігі және Онтарио көлік департаменті қадағалайтын болады.

Жүргізушісіз басқарылатын бұл автобус маршрутының бағыттық қашықтығы 1,5 шақырымды құрайды және онда төрт аялдамаға тоқтайтыны белгіленген. Қазіргі кезде коронавирустық эпидемияның себебінен, жолаушы ретінде тек жоба қатысушылары сынақтан өтуде. Бұдан бөлек автобус салонында төтенше жағдайды бақылауға алатын жүргізуші де бар.

<iframe width="609" height="375" src="https://www.youtube.com/embed/FhaqR4eX8Zo" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Жоба жетекшілерінің осындай сынақтарды өткізуден мақсаты - жүргізушісіз автобустардың шынайы жолдағы әрекеті кезінде қалай жұмыс істейтінін көрсету, аккумулятор батареяларын пайдалану тиімділігін талдау және мүмкіндігі шектелген жандардың мүмкіндігін арттыру.