Канадада антикоронавирустық шлем сатылымға шықты
Канаданың «VZYR Technologies» және американдық «Valhalla Medical Design» компаниясы коронавирусқа қарсы «BioVYZR» атты өнімді саылымға шығарды.
Бас пен дененің жоғарғы бөлігін толығымен жауып тұратын дулыға толықтай ауаны тазарту жүйесімен жабдықталған және электр қуатымен жұмыс істейд. Ал ондағы, батарея күші 12 сағатқа дейін жетеді.
Антикоронавирустық шлем иесі Езин Ал-Кайси оны 2 айдан бері қолданып келеді. Оның айтуынша қазіргі кезде бұл технологияға қызығушылық білдіретіндер саны артқан. Деседе ғалымдар бұл жаңа технологияның өнімділігін растауға асығар емес, өйткені ол әлі жеткілікті зерттелмеген.
«BioVYZR» шлемі үшін алдын-ала 379 долларға тапсырыс беруге болады. Бүгінге дейін бұл түрдегі шлемнің 10 мыңға жуық данасы сатылған.