Канада шайбалы хоккейден әлем чемпион атанды
Финляндияның Тампере қаласында өткен шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатында Канада құрамасы жеңіске жетті.
Финалда Германия құрамасы канадалықтардан 2:5 есебімен ұтылып, 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесінің иегері атанды.
Канаданың финалдағы бұл жеңісі әлем чемпионаты тарихындағы 28-ші жеңісі болды.
2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі АҚШ құрамасын қосымша уақытта 4:3 есебімен жеңген Латвия құрамасына бұйырды. Осылайша Латвия шайбалы хоккейден әлем чемпионатының тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырынан орын алды.
Еске салар болсақ, бастапқыда 2023 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ жарыстар Рига мен Тампере қаласына ауыстырылды.