Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Канада Палестина мемлекетін мойындамақ
15:38 / 2025-07-31

30 шілде күні Канада премьер-министрі Марк Карни елдің қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындау жоспарын жариялады. Газада ашаршылық ушығып тұрған шақта қабылданған бұл шешім Израильге деген халықаралық қысымды күшейте түспек.

Осылайша, Канада Палестинаны мойындауы мүмкін деп болжанып отырған G7 елдерінің ішінде Франция мен Ұлыбританиядан кейінгі үшінші мемлекетке айналмақ.
«Канада Израиль үкіметінің Газадағы гуманитарлық апатқа жол бергенін айыптайды», – деді Карни.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл шешім ішінара Палестина әкімшілігінің басқару жүйесін реформалап жатқанына және 2026 жылы жалпы сайлау өткізуге дайын екендігіне берілген кепілдіктерге негізделген. Оның сөзінше, аталған сайлауға ХАМАС қатыспауы тиіс.