Канада мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынастарын толығымен қалпына келтірді
Канада мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру және жаңа елшілерді тағайындау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Канаданың дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын басқаратын департаменті сәрсенбі күні мәлімдемеде.
«Канада Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа елші Жан-Филипп Линтоны тағайындады», - делінген хабарламада. Сондай-ақ бұл қадамның өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделгені атап өтілген.
Сәрсенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі де осындай мәлімдеме жасады.
2018 жылы Сауд Арабиясы дипломатиялық дау-дамайдан кейін Канада елшісін елден шығарып жіберген еді.