Канада да тарихи рекорды температура тіркелді
Канада да үшінші күн қатарынан аномалды ыстық ауа-райы байқалуда. Ел батысында орын тепкен Британдық Колумбия провинциясында бұрын-соңды болмаған температура 49,6 градус цельсий тіркеді.
CBC-дің хабарлауынша, осы уақытқа дейін бүкіл Канадада температура ешқашан 45 градустан жоғары деңгейде тіркелмеген. Мұндай рекорд 1937 жылы Саскачеванда байқалған.
Ванкувер полициясы 25 маусымнан бастап қала мен оның маңында 130-дан астам адам қайтыс болғаны туралы хабарлама алғанын айтқан. Қайтыс болғандардың көпшілігі қартайған немесе созылмалы ауруға шалдыққан, ал полиция ыстық ауа-райы өлімге әкелетін факторлардың бірі деп санайды.
Температураның жоғары деңгейі тұрақты сақталғандықтан Ванкуверде және оның айналасында салқындату орталықтары мен уақытша субұрқақтар құрылған. Ал, полиция патрульдеуді күшейтіп, төтенше жағдайлар қызметіне тиісті тапсырмалар берілген.