Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Канада ауғанстандық 40 мың босқынды қабылдайды
09:46 / 2021-10-13

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, ауғанстандық 40 мың босқынды қабылдайтынын мәлімдеді.

«Канада 40 мың босқынды қабылдайды, біз басқаларды да босқындардың қауіпсіз қоныстануына қолдауды күшейтуге шақырамыз», - деп жазды Трюдо Twitter парақшасында.

Бұған дейін елдің иммиграция министрі Марко Мендичино Канада Ауғанстандағы ең осал топтардан құралған 20 мыңнан астам ауған азаматын қабылдайтынын айтқан.