Камерундық 45 жастағы әйел бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді
Камерунда тұратын Антония Маду Обиануджу бір мезетте тоғыз баланы дүниеге әкелген. 45 жастағы әйел ЭКО арқылы жүкті болған.
Mimimefoinfos порталының дерегінше, Антония алты қыз бен үш ұлдың анасы болды. Әйел ультрадыбыстық сканерлеуден өткеннен кейін егіздерді күткен. Сондықтан тоғыз баланың дүниеге келуі күтпеген оқиға болды.
Обиануджоның айтуынша, бұл оқиға оны «Құдай үшін мүмкін емес ештеңе жоқ» деп сендірген.
Антония бір мезгілде тоғыз сәбиді дүниеге әкелген әлемдегі екінші әйел атанды. Бұған дейін Мали азаматы Халима Сиссе 2021 жылы сонша бала дүниеге әкелген. Кейінірек ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.