Камерунда жол апатынан 16 адам қаза тапты
Жұма күні Камерунның жағалау аймағында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 16 адам қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 19 адам мінген жолаушылар автобус жолаушылары бір отбасының мүшелері болған және олар Эзека қаласына қарай бет алып, соқтығыс салдарынан 16 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жарақаттанған.
Камерунның көлік министрі апаттың себебі басып озу кезіндегі абайсыздық пен жылдамдықты арттыру салдары мүмкін екенін айтуда. Апаттан жараланғандар ем алу үшін ауруханаға жеткізілген.
Полиция соқтығысқа абайсыз көлік жүргізуді айыптап, тергеуді бастады, деп хабарлайды Камерун мемлекеттік телеарнасы.