Камерун астанасында бөгеттің құлауы салдарынан 23 адам қаза тапты
Камерун астанасы Яунде қаласында бөгет құлап, кем дегенде 23 адам қаза тапты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ұзаққа созылған толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көлдердің біріндегі бөгет су қысымына төтеп бере алмаған. Қатты су ағынынан 30-ға жуық үй қираған.
Апат салдарынан 23 адам қаза тауып, тағы да көп адам із-түзсіз жоғалып кеткен деп хабарлануда. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.