Камчаткада туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Ресейдің Қиыр Шығысындағы Камчатка түбегі аймағында туристер мінген Ми-8 тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 16 азаматтың 8 аман қалған.
ВВС-дің хабарлауынша, тікұшақ Курил көліне құлап, шамамен 100 метр тереңдікте суға батып кеткен. Бортындағы 16 адам – оның 13 жолаушы, үшеуі экипаж (оның ішінде бала болған) мүшесі. Олардың 8 аман қалып, қалғандары іздестірілуде. Аман қалған 8 азаматтың бесеуі Петропавл-Камчатскийдегі облыстық ауруханаға, қалғандары жақын маңдағы ауылға жіберілген.
Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмыс істеуде.
Осы апатқа байланысты әуе көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал, тікұшақтың қызмет еткенне 37 жылдан асқан және тергеуге жақын дереккөздердің мәліметіне қарағанда, ұшу кезінде техникалық ақау шыққаны айтылады.