Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Камчаткада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады
12:46 / 2021-07-06

Ресейдің Ан-26 жолаушылар ұшағы Камчаткада теңізде апатқа ұшырады. Құтқарушылар ұшақ құлаған орынды анықтады.

РИА Новости порталының хабарлауынша, 6 шілде күні күндіз Петропавл-Камчатский - Палана жолаушылар рейсін жасаған Ан-26 ұшағы белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. 

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бортта 22 жолаушы, оның ішінде бір бала және экипаждың 6 мүшесі бар болған. Камчатка авиациялық кәсіпорнының мәліметінше, № 251 рейсімен байланыс Палана ауылынан 9 шақырым қашықтықта қону кезінде маневр жасау алдында жоғалған.

«Болжам бойынша, ұшақтың теңізге құлаған нүктесі анықталды», - делінген хабарда.