Камбоджадағы қонақүйдегі өрттен 10 адам қаза тапты
Камбоджаның солтүстік-батысындағы Бантеай Минчи провинциясындағы казино қонақүйінде болған ірі өрттен кемінде 10 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды.
Елдің Ұлттық полиция бастығының орынбасары Чхай Ким Хунның мәлімдеуінше, оқиға салдарынан зардап шеккендердің саны бұданда көп болуы мүмкін.
Өрт сөндіру және құтқару қызметінің өкілдерінің айтуынша, өрт сәрсенбі күні түн ортасында Поипет қаласындағы Grand Diamond City қонақ үйі мен казиносында шыққан.
Синьхуа агенттігінің хабарында өрттің шығу себебі әлі анықталып жатқаны айтылады.