Камбоджада автобусы көпірден құлап, 16 адам қаза тапты
Камбоджаның орталық бөлігінде жолаушылар автобусы көпірден суға құлап, 16 адам қаза тапты, тағы жиырма адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
“CambojaNews" мәліметіне қарағанда, автобус солтүстіктегі Оддар Менчей провинциясынан Пномпень астанасына қарай 37 адамды алып бара жатқан. Оқиға таңғы шамамен 3:00-де Кампонгтом аймағында орын алған.
Полицияның айтуынша, жүргізуші көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кеткен болуы мүмкін.