Калифорниядағы су тасқыны салдарынан екі адам қаза тауып, 9,4 мың азамат эвакуацияланды
АҚШ-тың Калифорния штатында толассыз жауған жаңбырдан туындаған су тасқынының салдарынан екі адам қаза тауып, 9,4 мың азамат эвакуацияланды
CNN-нің хабарлауынша, аталған жағдайға орай Калифорнияның Төтенше жағдайларды басқару басқармасының директоры Нэнси Уорд та АҚШ президенті Джо Байден штат губернаторы Гэвин Ньюомның төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысын мақұлдаған.
АҚШ Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, Калифорнияның кейбір оқшауланған аудандарында 30 см-ден астам жаңбыр жауған. Демалыс күндері жаңбыр жалғасады, олардың қарқындылығы азайып бара жатқанымен, жаңа су тасқынының қаупі әлі де сақталады.
«Қардың еруінен басқа бірнеше рет жауған жаңбыр ағындар мен өзендердегі су деңгейінің айтарлықтай көтерілуіне, ол келесі аптаның басында жаппай су тасқынына әкелуі мүмкін», - деп ескерткен АҚШ Ұлттық су ресурстары орталығы.