Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Калифорнияда өрт сөндіру тікұшақ апатқа ұшырап бір кісі қаза болды
08:58 / 2020-08-20

АҚШ-тың Калифорния штатында жабайы табиғат аумағында шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылған тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қайтыс болған


АҚШ-тың Калифорния штатында жабайы табиғат аумағында шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылған тікұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қайтыс болған.

Штаттың орман шаруашылығы және өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, «Bell UH-1H тікұшағы Коалинг қаласынан 9 шақырым оңтүстікте орналасқан таулы аймақтағы өртті сөндіру тапсырмасын орындау кезінде апатқа ұшыраған және тікұшақтың бортында болған жалғыз ұшқыш көз жұмғаны», - айтылады.

Апаттың себебі қалай болғаны қазірге белгісіз. Соңғы екі айдан бері ыстық температураның салдарынан Калифорнияда табиғи өртпен байланысты қиын жағдай өршіп тұр. Штаттың орталық бөлігінде өрттің таралуына байланысты 8 мыңға жуық адамды тез арада эвакуациялауға бұйрық берілген болып, штатта төтенше жағдай жарияланған.