Калифорнияда 11 миллион адам қауіп астында қалды
АҚШ-тың Калифорния штатында шамамен 11 миллион адам ауқымды су тасқыны қаупі астында қалуда. Бұл туралы статистикалық мәліметтерді америкалық ұлттық телеарна жариялады.
Телеарна деректеріне сәйкес, эвакуация туралы бұйрық қазірдің өзінде Лос-Анджелес округінің бірқатар аудандары тұрғындарына жіберілген. Сонымен қатар, Сан-Франциско қаласының тұрғындарына да қауіп төніп тұр.
АҚШ-тың ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, 15 ақпаннан бері Калифорния аумағын дауылмен бірге нөсер жаңбыр басқан. Кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 25 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Лос-Анджелес үшін бұл көрсеткіш айлық норманың шамамен төрттен бір бөлігін құрайды. Нөсер жауын-шашын көшкін қаупін де тудырады.