Каирде Өзбекстан-Мысыр бизнес форумы өтті
Өзбекстан Президенті Шакат Мирзияевтің Мысырға ресми сапары қарсаңында Каир қаласында Өзбекстан-Мысыр бизнес форумы өтті.
Оған екі елдің іскер топтарының 200-ге жуық өкілі қатысты.
Форум аясында министрліктер, ведомство мен салалық бірлестіктер басшылары екі елдің экономикасының басым бағыттары бойынша перспективалық жобалардың тұсаукесері өтіп, нақты бағыттар мен жобалар бойынша ынтымақтастықтың практикалық аспектілерін талқылау мақсатында G2B және B2B кездесулері ұйымдастырылды.
Бизнес-форум қорытындысы бойынша химия, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, тоқыма, былғары-аяқ киім және тамақ өндірісі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, индустриялық аймақтарды дамыту, инфрақұрылым, құрылыс пен фармацевтиканы дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.