Кабулдағы білім орталығында жарылыс болды
Жұма күні таңертең Ауғанстан астанасының батыс бөлігінде жарылыс болды.
Ariana News телеарнасының хабарлауынша, оқиға Кабулдың Дашт-е Барчи ауданындағы «Кадж» білім беру орталығында болған.
Басылым дерегінше, Ауғанстанның ішкі істер министрлігі жарылыс болғанын растаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, жарылыс ұшқышсыз ұшатын құрылғымен шабуыл жасалған.