Кабул халықаралық әуежайы ресми түрде жұмысын бастады
Ауғанстанда астананың халықаралық әуежайы 20 қыркүйек, дүйсенбіде ресми түрде ішкі және халықаралық рейстер үшін ашық деп жарияланды.
Ауғанстанның ұлттық авиация әкімшілігі әуежай тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтінін мәлімдеген.
26 тамызда болған бірқатар жарылыстар мен одан кейінгі тәртіпсіздіктерден кейін Кабулдағы әуежай мен терминалдар зақымданды. Оның салдарынан әуежайға 20 миллион доллар көлемінде шығын келгені айтылады.
Кабул әуежайының жұмысын қалпына келтіруге Қатар мен Түркияның техникалық мамандары көмектесті.
Ауғанстанның ұлттық авиация әкімшілігі әуежай тәулігіне 12 сағат жұмыс істейтінін мәлімдеген. Негізгі жұмыс уақыты таңғы 6 -дан кешкі 6 -ға дейін. Авиация әкімшілігі БАӘ, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдерге Кабулға рейстерді қалпына келтіруді сұрады, бірақ әзірге тек Пәкістан мен Иран әуе рейстеріне келіскен.