Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Кабул әуежайы 48 сағатқа жабылады
09:21 / 2021-08-23

Алдағы екі күнге Кабул әуежайы жабылады, бұл оның аумағында болған адамдарды эвакуациялау үшін қабылданған шешім.

Khaama Press агенттігінің хабарлауынша, бұл шешімді әуежайдағы эвакуация процесін бақылаға жауапты АҚШ әскерилері қабылдаған болып, оған себеп ретінде әуежай маңына жиналған мыңдаған ер-әйелдер мен балалар ыстықта күтуге мәжбүр болуда екендігі айтылған.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Кабул әуежайымаңындағы кептеліс пен ыстық ауа райында жеті ауғандық қаза тапты.

Sky News дерегінше, мыңдаған ауғандықтар әуежай аймағына кіруге тырысуда, бірақ олардың көпшілігі Талибан иелігіне алған Ауғанстандағы эвакуациялануы мүмкін бейбіт тұрғындар санатына жатпайды. Адамдар күндіз де, түнде де күн астында, ал көпшілігі аптаптан есінен танып қалуда.