Күздің соңғы айында ауа-райы Өзбекстанда қандай өтеді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромед» күзің соңғы айы қарашада ауа-райы қандай болатыны жайлы хабарлады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромед» күзің соңғы айы қарашада ауа-райы қандай болатыны жайлы хабарлады.
Қарашада орташа температура қазан айына қарағанда 5-7 градусқа төмен және жауын-шашын көбірек байқалады. Бұл айда жаңбырдың соңы қарға ұласу жағдайы жиілемек.
Дүниежүзілік ауа-райы орталықтарының мәліметтерін пайдалана отырып дайындалған Узгидрометтің алдын-ала бағалауы бойынша, биылғы қараша айында температура да, жауын-шашын да қалыпты жағдайға жақын болатыны болжаған.
Айдың алғашқы аптасы дерлік Өзбекстанда күн бұлтты болмайды. Демалыс күндері бұлтты болса да, құрғақ ауа-райы келесі аптаның алғашқы күндеріне дейін сақталады. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 18-23 градус болады.
Кейіншелік жылы толқын суық толқындармен ауысып отырады, температура түнде 5-8 градус жылылықтан 0-3 градусқа дейін, күндіз 17-20 градус температурадан 3-6 градусқа дейін өзгереді.