Күндік жаңа жағдай: Бүгін 342 кісі індет жұқтырып, үш азамат көз жұмды
Жағдай күн сайын нашарлап барады
Өзбекстанда 6 шілде коронавирус жұқтырғандар саны 342-ге жетіп күндік көрсеткіш бойынша жаңа өсім жағдайы тіркелді. Үш кісі індеттен көз жұмып, 106 науқас ауруханадан шықты.
Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі сағат 23:30 уақытындағы жариялаған ресми ақпаратында вирус жұқтырғандар саны 10362-ге жетіп, содан 6628 кісі емделіп шыққаны айтылады.
Республикада алғашқы індет жұқтырғандық жағдай 15 наурызда тіркелді. Сол кезден бүгінге дейін 37 науқас көз жұмған. Қазіргі уақытта 3697 жан ауруханаларда ем қабылдауда. Ал олар арасында 25 науқас ауыр жағдайда және 13 кісі өте ауыр хәлде.