English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Күн бетіндегі дақтың айқын көрінісі суретке алынды
16:13 / 2020-09-08

Жаңа суреттер күн бетіндегі дақтардың эволюциясы мен жұлдыз плазмасының құрылымын біршама айқын көрсеткен


Испанияның Тейде аралындағы обсерваторияның «GREGOR» телескопы Күндегі қара дақтардың айқын көрінісін суретке алды.

«The Indian Express» басылымының мәліметінше, Испанияның Тейде аралында орналасқан обсерватория жыл бойына телескоптық оптика құралдарын қайта жабдықтап, оның көмегінде Күнді жәнеде жақыннан көру мүмкіндігіне ие болған.

«Лейбниц күн физикасы институтының (KIS) ғалымдары мен инженерлері тобы жүргізген GREGOR оптикасының үлкен қайта құрылуынан кейін Күнді Еуропадан бұрынғыға қарағанда жоғары қарқынмен байқауға болады», - делінген ресми хабарламада.

Күн бетіндегі дақты зерттеу жобасына Испаниядағы пандемиялық шектеулер біраз кедергі туғызған мен басқа жағынан өз пайдасын тигізген. Өйткені карантин кезінде ғалымдар обсерваторияда қалып жұмыс жасаған.

Жаңа телескоп жұлдыз бетін 50 шақырымдық өлшемде суретке алу мүмкіндігіне ие болып, мамандардың айтуынша бұл үлкен футбол алаңында кішкентай инені бір метр қашықтықтан көргендей дейді.

Жаңа суреттер күн бетіндегі дақтардың эволюциясы мен жұлдыз плазмасының құрылымын біршама айқын көрсеткен.

2541815-610x339.jpg

Снимок.JPG