Жыззақта халықаралық маусымдық демалыс орны құрылады
Өзбекстанның Жыззақ облысында халықаралық маусымдық демалыс орны құрылады.
Осыған орай «Зомин» туристік-рекреациондық аймағын және халықаралық маусымдық курортты құру туралы» Президент Жарлығы қабылданды.
Жарлыққа сәйкес:
- «Зомин» туристік- рекреациондық аймағы;
- «Зомин» туристік- рекреациондық аймағының дирекциясы мемлекеттік унитарлық кәсіпорны;
- туристік аймағының аумағында «Суффа үстірті. 2 400» халықаралық жалпы маусымдық курорты және «Уриклисой» туристік кешені құрылады.
Атаулы туристік аймақтың қызмет көрсету мерзімі кейінірек одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 30 жылды құрайды.
2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңартылатын энергия көздерін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлер әкелетін жабдық, машина, шикізат, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар кедендік баждан босатылады (қосылған құн салығы мен кедендік рәсімдеу төлемдерін қоспағанда).