Жызақ қаласында Қазан федералды университетінің (ҚФУ) Жызақ филиалының ашылу салтанаты өтті.
Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Жызақ облысының әкімі Эргаш Солиев, Өзбекстанның жоғары және арнаулы орта білім министрі Абдуқадир Ташкулов қатысқан салтанатты шарада ҚФУ-дың шетелдегі алғашқы филиалы ашылды.
Айта кетерлік жайт, Қазан университеті Ресейдегі ең көне университеттердің бірі болып, ол 1804 жылы Қазан қаласында құрылған.


Айтулы шара барысында, Татарстан президенті Рустам Минниханов Өзбекстанда филиалдың ашылуы екі елді көп жылғы жемісті ынтымақтастық байланыстыратынының символы екенін, соның арқасында жастардың елден шықпай, сапалы білім алуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде Абдуқадир Ташкулов министрліктің филиалдың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігіне тоқталып, оның тек жергілікті ғана емес, халықаралық деңгейдегі беделді университеттердің біріне айналатынына сенім білдірді.

Жоғары оқу орнының ашылу салтанатына жиналған қонақтар студенттер мен ұстаздарға жасалған жағдай және оқу үрдісімен танысты. Қазір бұл оқу ордасында 10 сала бойынша 400-ге жуық студент білім алуда.

Назокат Усманова, ӨзА