Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жызақ қаласында Қазан федералды университетінің филиалы ашылды
13:28 / 2021-08-30

Президенттік жарлы,ымен Қазан федералды университетінің филиалы ашылды.

Әділет министрлігінің мәліметінше, оқу орнында кадрларды даярлау күндізгі, сырттай және оқытудың басқа түрлерінде жүзеге асырылады. Филиалдың талапкерлерді толықтай оқуға қабылдау мерзімі 2022/2023 оқу жылынан басталатын болып, онда келесі бакалавр және магистр мамандықтары бойынша кадрлар дайындайды:

  • геология;
  • ағдарламалық инженерия;
  • экономика;
  • машина жасау;
  • емдеу жұмыстары;
  • стоматология;
  • фармация;
  • медициналық биохимия.

Филиал - заңды тұлға мәртебесі бар Қазан федералды университетінің (Ресей Федерациясы) құрылымдық бөлімшесі. Қабылдау параметрлері мүдделі министрліктер мен ведомстволардың нақты кадрлық қажеттіліктерін ескере отырып, филиал тарапынан бекітіледі.

Қабылдау мемлекеттік грант пен ақылы қызмет көрсету келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік грант негізінде білім алған филиал түлектері 3 жыл мерзімде міндетті түрде жұмыс өтеу шартымен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен ұйымдарына орналастырылады. Бітірушілерге Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясында жоғары білім құжаты ретінде танылған университеттің стандартты дипломы беріледі.

Университет 2021/2022 оқу жылынан бастап Өзбекстан Ұлттық Университетінің Жызақ филиалымен бірлесе отырып «Бағдарламалық инженерия», «Фармация» және «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» мамандықтары бойынша оқуды бастайды және осы бағыттарда студенттер филиалда оқуын жалғастыратын болады. 2022 жылдың соңына қарай филиал аясында OpenLab зерттеу зертханасы құрылады.