Жыл үздік футболшысы сыйлығына үміткерлердің үштігі белгілі болды
ФИФА «Жылдың үздік футболшысы» номинациясының соңғы үш үміткерін жариялады.
Олар қатарында, Роберт Левандовски (Польша, Бавария), Криштиану Роналду (Португалия, Ювентус) және Лионель Месси (Аргентина, Барселона) ақтық сынға өткен.
2016 жылдан бастап жылдың үздік футболшысына беріле бастаған «The Best Awards» марапаттау рәсімі биыл пандемияға байланысты онлайн форматта 17 желтоқсан күні өткізетін болады.
Өткен жылы осы марапаттың ақтық сынына үш футболшы Вирджил ван Дейк (Ливерпуль), Криштиану Роналду (Ювентус), Лонель Месси (Барселона) өткен болып, соңында атаулы марапат көп дауыс жиған аргентиналық аладоп шебері Мессиге нәсіп еткен.