English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жыл соңына дейін Ташкент метросының тағы 5 станциясы пайдалануға беріледі
11:57 / 2022-10-07

2022 жылдың соңына дейін Ташкент метросының жер үсті бағытында тағы 5 станциясы пайдалануға беріледі.

«Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент метрополитенінің «Қойлық – Құрушылар» жер үсті желісі 2-кезеңінің 7-12-станциясы аралығындағы 8,5 шақырымдық учаскеде құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

«Қазіргі таңда 3 станцияның құрылысы аяқталуда. Қойлық базарындағы 7-бекеттен 8, 9, 10-шы бекеттер арасындағы құрылыс процесінің барлық темір-бетон жұмыстары аяқталып, жаңа әрі берік рельстер толығымен орнатылды», - делінген хабарламада.

Ташкент метрополитенінің 2-кезеңінің құрылыс жұмыстарына 116 техника, машина мен механизмдер және 2650-ге жуық білікті инженер-жұмысшылар жұмылдырылған.

Осы желідегі метро қатынауы жолға қойылса, бағыт бойынша тәулігіне 40 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсету мүмкін болады.

Ауқымды жобаның келесі кезеңнің аяқталуымен Ташкент метросының жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асады. Станциялардың саны 50-ге жетеді. Күнделікті метро жолаушыларының саны 600 мыңға дейін артады. 245 жаңа жұмыс орны ашылады, метро қозғалысының құны, қоғамдық көлік шығындары мен күту уақыты айтарлықтай қысқарады.