Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің виртуалды тілшісі сіздерді 2024 жылы елімізде болған маңызды оқиғалар және жаңалықтармен таныстырады.
***
Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі алғаш рет 100 миллиард доллардан асты. Соңғы 5 жылда ел экономикасы екі есеге өсіп, жалпы ішкі өнімнің көлемі айтарлықтай артты. Экспорт көлемі де рекордтық деңгейге жетіп, алғаш рет 25 миллиард доллардан асты.
Жақын болашақта жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 3 мың долларға жетеді деп күтілуде. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, 2024 жылы Өзбекстан Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында экономикалық өсім қарқыны бойынша үздік үштікке кіреді. Сонымен қатар, экономикалық даму процесінде шетелдік инвестициялардың маңызды рөлі бар, олардың көлемі соңғы бес жылда алты есеге өскен.
***
2024 жылдың 27 қазан күні Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы және жергілікті кеңес депутаттарының сайлауы өтті.
Сайлауда жалпы 15 027 529 сайлаушы дауыс берді. Бұл жалпы сайлаушылар санының шамамен 75 пайызын құрады.
Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Олий Мажлис Заң шығарушы палатасына жалпы 150 депутат тіркелді.
Сайлау нәтижесінде парламенттің төменгі палатасының құрамы шамамен 60 пайызға жаңарды. Сайланған депутаттардың 38 пайызын әйелдер құрап, бұл Өзбекстан тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті.
***
27 желтоқсан күні Қырғызстанның Жалал-Абад облысында «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» темір жолының құрылысы басталды.
Салтанатты шараға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Худжаев, Қытайдың Даму және реформалар комитетінің төрағасы Чжен Шанцзе бастаған делегациялар қатысты.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин шараға қатысушыларға үндеу жолдады.
Мемлекет басшысының үндеуінде осы темір жол арқылы жылына 15 миллион тонна жүк тасымалданатыны атап өтілді.
Болашақта бұл темір жол желісі Трансауған дәлізімен жалғасып, Қытай, Орталық Азия және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-коммуникация желілерін тиімді біріктіруге мүмкіндік береді.
***
Биылғы жылдың айтулы әрі есте қаларлық оқиғаларының бірі – тамыз айында Францияның ару астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындары десек, қателеспейміз. Оған 200-ден астам елден 11 мыңға жуық ең мықты спортшылар жиналды. Өзбекстан 19 спорт түрі бойынша 90 спортшымен қатысты.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыстарда ел спортшылары жоғары батылдық пен мықты ерік-жігер танытып, 8 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте 13 орынға табан тіреді.
Сонымен қатар Паралимпиада ойындарында да Өзбекстанның ержүрек спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Өзбекстандық паралимпиадашылар 10 алтын, 9 күміс және 7 қола медальді жеңіп алып, жалпы есепте 13 орынға жайғасты. Бұл – Өзбекстан спорты тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесіп, оларды әртүрлі мемлекеттік марапаттармен марапаттады.
***
Жызақ облысындағы «BYD Uzbekistan Factory» бірлескен кәсіпорнында алғашқы электромобильдер шығарыла бастады. Президент Шавкат Мирзиёев 27 маусымда осы инновациялық зауыттың жұмысымен танысты.
Бұл – Өзбекстан автоөнеркәсібінде жаңа кезең болып, үлкен тарихи оқиғаға айналды.
Бұл жоба құны 160 миллион долларды құрайтын бірінші кезеңде жылына 50 мың дана электромобиль шығару қуатына ие.
***
27 маусым күні Жызақ облысының Зомин ауданында екінші Халықаралық мақам өнері форумының салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты шарада Президент Шавкат Мирзиёев сөз сөйлеп, мақам өнерінің тарихы мен маңыздылығын атап өтті.
Шарада ЮНЕСКО Бас конференциясының қырық екінші сессиясының төрағасы, ИСЕСКО Бас директоры да сөз сөйлеп, қатысушылар мен қонақтарды құттықтады.
Фестивальге Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Африка құрлықтарынан 80-нен астам елдің өкілдері, шамамен 400 қонақ қатысқанын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айының соңында тарих пен мәдениет тоғысқан Самарқанд шаһарында әйгілі «Шығыс әуендері» фестивалі де жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
***
Президент Шавкат Мирзиёев 15 қазан күні символдық батырманы басып, Алмалық тау-кен металлургия комбинатының 4-ші мыс байыту фабрикасының құрылысын бастап берді.
Құны 5,3 миллиард долларды құрайтын бұл ірі жоба арқылы жылына 146 мың тонна катодты мыс, 13 тонна алтын және 73 тонна күміс өндіру қуаттары салынады. Жылдық өндіріс көлемі 1,9 миллиард долларды құрайды. Фабрика мен оның инфрақұрылымында 3 мыңнан астам адам еңбек етеді.
***
2024 жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – 22 сәуірде Өзбекстанның тұрақты халқының саны 37 миллионнан асты.
Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 37 548 000 мың адамды құрап отыр.
***
Бүгінге жеткізбек болған жаңалықтарымыз осылар еді.
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің жаңалықтарын қарай жүріңіз!