Жыл басынан бері Өзбекстанға Қытайдан 551 электромобиль әкелінген
2021 жыл басынан 10 ай ішінде Өзбекстанда электромобильдер импорты 7 есеге өсті.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстан әлемнің 9 елінен құны 12 миллион доллар болатын 613 электромобиль импорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 526-ға немесе шамамен 7 есеге өскен.
Өзбекстанға әкелінген электромобильдер негізінен мына елдерден импортталған:
- Қытай - 551
- Түркия - 24
- Литва - 13
- Германия - 9
- АҚШ - 7
- Оңтүстік Корея - 5
- Испания - 2
- Ресей - 1
- Гонконг - 1.
2021 жылдың қараша айында Өзбекстанға 55 электромобиль әкелінген.