Жыл басынан бері Өзбекстанға 71,2 млн долларға ұялы телефон импортталған
2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанға құны 71,2 миллион долларға тең ұялы телефондар импортталған.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, төрт айдың ішінде шетелден 976 645 телефон сатып алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда телефон импорты 320 900 данаға өскен.
Ұялы телефондар негізінен 9 елден әкелінуде:
- Қытай - 741 546 дана
- Вьетнам – 121 376 дана
- Үндістан – 62 612 дана
- БАӘ - 46 137 дана
- Қазақстан – 3 663 дана
- Оңтүстік Корея – 1286 дана
Телефондардың ең көп саны наурызда (286 056 дана) әкелінген болса, қаңтарда 129 766 дана, ақпанда 284 461 дана және сәуірде 276 362 телефон импортталған.