Жүргізушінің тәжірибесі 2 жылдан аз болса, көлікке арнайы белгі қойылады
Өзбекстанда көлік жүргізушінің тәжірибесі 2 жылдан аз болса, көлікке арнайы белгі орнатылмақ.
ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, көлікті енді ғана басқара бастаған, жүргізу біліктілігі жеткіліксіз және 2 жылдан аз тәжірибеге ие жүргізушілер басқаратын автокөліктерде сары түсті «❗️» белгісі бар. 150 миллиметр болатын төрт бұрышты арнайы белгі қоюы қажет.
Жол қозғалысы ережелерінің жаңа заңнамасына сәйкес, атаулы жаңа ереже 2022 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін көліктің алдыңғы орындығында отырған жолаушылар да қауіпсіздік белбеуін тағуға міндеттелген болатын.