Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жүргізуші күәлігін ауыстыру мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды
14:31 / 2020-12-28

Өзбекстанда ескі үлгідегі жүргізуші күәлігін ауыстыру мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Әлеуметтік желіде 2021 жылы жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды қайта тапсыру қажет болады деген қауесет тарағанына орай, Мемлекеттік қызметтер агенттігі мән-жайды түсіндірді.

Ресми хабарға сай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ескі жүргізуші куәлігін жаңа үлгіге ауыстыру 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Оны Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады және қайта емтихан тапсыру талап етілмейді.

Жаңа жүргізуші куәлігін алуда ескі жүргізуші куәлігі мен оның талоны және азаматтың төлқұжаты қажет, сонымен қатар базалық есептеу құнының 70% -ын төлеу қажет (қазіргі уақытта 156 100 сум).