French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі
11:01 / 2022-01-28

Өзбекстанда жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан азаматтар қажетті дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етіледі.

Бұл туралы Президент қаулысы қабылданып, онда жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың негізгі бағыттары анықталды және мұқтаж жандарға қажетті дәрі-дәрмектер тегін берілетін болды.

2022 жылдан бастап:

  • жылына бір рет 18 бен 40 жас аралығындағы халықтың денсаулық жағдайы (тамақтану жағдайы, темекіге тәуелділік, дене салмағының индексі, қан қысымы, қандағы қант пен холестерин деңгейі және т.б.) бағаланады;
  • 40 жастан асқан адамдар жылына кемінде бір рет скрининг тексерістен өтеді;
  • жүрек-қантамыр аурулары диагнозы қойылғандардың бірыңғай электрондық тізілімі жүргізіліп, есепте тұрған 200 мыңнан астам адам эналаприл (Enalapril) дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілді;
  • аудандық (қалалық) ауруханалар қажеттілігіне қарай коагулометрлік жабдықпен және қажетті реагенттермен қамтамасыз етіледі.

2023 жылдың 1 қаңтарына қарай жүрек-қантамыр аурулары қаупінің стратификациясын бағалау үшін мобильді қосымша жасалады.

Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының аймақтық филиалдарында кардиология саласындағы жоғары технологиялық хирургиялық операциялар кезең-кезеңімен 15-тен 35 түріне дейін ұлғайтылады.