Жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 55 пайызға жеткізіледі
Өзбекстанда жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 55 пайызға жеткізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Өзбекстан-2030» стратегиясын «Жастар және бизнесті қолдау жылында» жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламасының 18-ші мақсаты жұқпалы емес аурулардың алдын алу тиімділігін арттыру аясында профилактикалық тексерулер мен скринингтік тексерулер шеңберінде анықталған аурулар бойынша сауықтыру шарасын қабылдау, жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау көрсеткішін 55 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.
Осы мақсатта 40 және одан жоғары жастағы 6,7 миллион халық арасында жиі кездесетін жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының қаупін анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізіледі.
Ауруы анықталған азаматтарға жеке сауықтыру шаралары жүргізіледі.