ЖОО-ға түсу тест сынақтары жабық ғимараттарда өтеді
Өзбекстанда 2023/2024 оқу жылына ЖОО-ға түсу тест сынақтары өтетін 92 жабық нысан таңдалды.
Ресми хабарламаға сәйкес, Мемлекеттік жоғары оқу орындарына қабылдау үдерістерін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның қаулысымен тест өтетін ғимараттардың тізбесі бекітілді.
Оған сәйкес, 2023-2024 оқу жылында жоғары оқу орындарының бакалавриат бағытында оқуға түсу үшін тест сынақтары үлкен сыйымдылыққа ие ғимараттарда өтеді.
Тестілеуге 92 ғимарат таңдалып, бір ауысымда 44 мың талапкер тестілеуге қатыса алады.
Еске сала кетейік, пандемия кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тест сынақтары ашық алаңдарда өткен болатын.