Жолдастық матч. Өзбекстан құрамасы Швециядан ұтылды
ФИФА күндері аясында Өзбекстан құрамасы Сречко Катанецтің жетекшілігімен өткен алғашқы сырт алаңдағы матчта Швециямен ойнап, шағын есеппен ұтылды.
Тартысты басталған кездесудің 6-минутында Абдулла Абдуллаев байқаусызда өз қақпасына гол соғып алды. 34 -минутта Исак Телин есепті 2:0ге жеткізді. Кейін 71-минутта Элдор Шомурадов Швеция қақпасына гол соғып арадағы нәтижені қысқартты. Есеп 2:1.
Стокгольмдегі «Friends Arena» алаңында өткен кездесудің қалған минуттарында голға тартар жағдайлар болғанымен, ойын соңына дейін есеп ашылмады.