Жол қозғалысына скутер және электросамокат бойынша қосымша ереже енгізіледі
Жол қозғалысына ережелеріне скутер және электросамокат құрылғыларға байланысты қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Осыған байланысты Үкіметтің тиісті заң жобасы талқылауға қойылады.
Оған сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қозғалтқышының көлемі 25 текше сантиметр немесе одан көп немесе жобалық жылдамдығы сағатына 25 шақырым және одан көп автомотокөлік құралдары, электрқозғалтқышының қуаты 0,25 кВт және одан жоғары немесе жылдамдығы сағатына 25 километр және одан да көп электромобильдер (электр мотоциклдер, электроскутерлер және т.б.), тіркемелер мен жартылай тіркемелер мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Сондай-ақ «скутер» және соған ұқсас құрылғылар ұғымдарына анықтама беріліп, олардың көліктің қай санатына жататыны нақтыланады.