Johnson & Johnson СOVID-19 вакцинаның клиникалық сынағын тоқтатты
Американдық Johnson & Johnson компаниясы СOVID-19-қа қарсы вакцинаның клиникалық сынағын біраз уақытқа тоқтатты
Американдық Johnson & Johnson компаниясы СOVID-19-қа қарсы вакцинаның клиникалық сынағын біраз уақытқа тоқтатты. Себебі еріктілердің біріне белгісіз аурудың асқынуы байқалған.
Компанияның мәлімдемесіне сай, қазіргі уақытта науқастың жағдайы зерттелуде. Оның денсаулығы туралы қосымша ақпарат барлық қажетті қорытындылар жиналғаннан кейін жарияланатын болған.
ДДСҰ бұл жағдайға байланысты пікір айтып: Қауіпсіздік - вакцинаның клиникалық сынақтарындағы басты мәселе. Осы сынаққа қатысушы зерттелетін вакцинамен байланысты немесе онымен байланысты емес болуы мүмкін түсініксіз ауруды дамытатын кезеңде, зеріттеу қатаң қалыптасқан тәжірибе болып табылады», - деген ұйым өкілі.
Johnson & Johnson компаниясы СOVID-19 вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңін 23 қыркүйекте бастаған болып, оны Аргентина, Бразилия, Колумбия, Мексика, Перу, АҚШ, Чили және Оңтүстік Африкадан 60 Мыңға дейінгі еріктілерге қолдануы керек болған. Компания вакцинаның алғашқы партиясы 2021 жылдың басында дайын болады деп жоспарлауда.
Бұған дейінгі компанияның коронавирустық вакцинасының бірінші кезеңі мен екінші кезеңінің екінші кезеңіндегі жүргізілген клиникалық зерттеулер сәтті аяқталған еді.