Жиддадағы АҚШ консулдығына жасалған шабуылда күзетші қаза тапты
АҚШ Мемлекеттік департаменті сәрсенбі күні Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы АҚШ консулдығында атыс болып, сол күні жергілікті қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын және шабуылдаушы жойылғанын растады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, АҚШ азаматтары арасында құрбандар жоқ. Америкалық қызметкерлер мен басқа жергілікті қызметкерлер қауіпсіз.
Хабарда айтылуынша, Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері қарулы шабуылшының көзін жойған. Жиддадағы АҚШ консулдығы қазір жабық. Америка тарапы Сауд Арабиясының тиісті ведомстволарымен байланыста, олар оқиғаға қатысты тергеуді бастаған.