Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
JICA Өзбекстанда мекдицинаны дамытуға 7 млн доллар бөледі
16:23 / 2022-02-02

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Өзбекстанда мекдицинаны дамытуға 7 млн доллар бөледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жапония елшісі Ёшинори Фуджияма және JICA-ның Өзбекстандағы басшысы Сугуру Миядзакимен өткен кездесуде екі жақтық қарым-қатнасты дамытуға бағытталған түрлі жобалардың талқыланған.

Министрлік дерегінше, осы бағыттағы келесі бірлескен жоба Жапония үкіметінің «Дамуға ресми көмек» бағдарламасы аясында JICA-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның жалпы құны 7 миллион долларды құрайды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру нəтижесінде Қарақалпақстан медицина институты клиникасында медициналық көмек көрсетуді жақсарту міндеттері орындалады.

Жобада медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін одан әрі арттыру үшін қажет болатын симуляциялық жабдықтар сияқты заманауи медициналық технологиялардың 30-ға жуық түрі енгізілген.

Кездесу барысында Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапония елшілігіарасында Алмасу нотасы, JICA-мен Гранттық келісім, сондай-ақ жапондық «Grown Agents» компаниясымен Өзбекстанға медициналық жабдықтарды жеткізу, орнату және іске қосу туралы келісімге қол қойды.