29 қыркүйекте Ташкентте гибридтік форматта «ШЫҰ Самарқанд саммиті: аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, тұрақты дамуға үлес» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер, сондай-ақ АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Франция, Венгрия елдерінің 30-дан астам белгілі сарапшылық және сараптамалық топтар өкілдері қатысуы жоспарланған.
Күн тәртібінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитін қорытындылау, ұйым аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру, көлік-логистикалық жүйедегі өзара тәуелділікті нығайту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту сынды мәселелер қаралды.
Өзбекстан Президенті саммит барысында айтқан ортақ қауіпсіздік пен өркендеу жолындағы Самарқанд ынтымақтастығы бастамасына ерекше назар аударылады.
Сарапшылар бұл бастаманың мәні мен маңыздылығы туралы жан-жақты пікір алмасады, идеяның практикалық мазмұнын байыту үшін ұсыныстар әзірленеді.
Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған тұжырымдамалық құжаттар егжей-тегжейлі қарастырылады.