Жеңісбек Пиязовқа «Өзбекстан халық әртісі» атағы берілді
Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай опера әншісі Жеңісбек Пиязовқа «Өзбекстан халық әртісі» атағы берілді.
Бүгін Мемлекет басшысы бір топ өнер және мәдениет қайраткерлерін Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттады.
Көксарай резиденциясында өткен салтанатты шарада, Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын ала тұрып былай деді: - Көптеген концерттер мен шараларда жүргізушілер мені «Өзбекстанның халық әртісі» деп жариялайтын еді. Сол кездерде өте ыңғайсыз жағдайда қалып, оны дұрыстай беріп қиналып кететінмін. Өйткені мұның жауапкершілігі бар. Мені осындай қиындықтан құтқарғаныңыз үшін сізге көп рақмет Шавкат Мирамонович. Жүргізушілер, енді еркін бар дауыста «Өзбекстан мен Қарақалпақстанның халық әртісі» деп жариялай беріңіз, - деді Жеңісбек Пиязов.