Жерорта теңізінде 130 мигрант жоғалып кетті
Жерорта теңізінде 130-ға жуық заңсыз иммигранттар бар үш қайық жоғалып кетті. Болжам бойынша, қайықтар суға батып кеткен болуы мүмкін.
SOS Mediterranee гуманитарлық ұйымының хабарлауынша, Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш қайық туралы хабарлама келген. SOS Mediterrane ұйымына тиесілі Ocean Viking және тағы үш сауда кемесі оларды іздеуге шықты. Алайда ауа райының қолайсыздығы және биіктігі 6 метрлік толқындар олардың оқиға орнына жылдам жетуіне кедергі болды.
Ұйымның мәліметіне қарағанда бұл жағдайда ешқандай жауапты теңіз ұйымы көмек көрсетпеген.
«Біз бүгін оқиға орнына келген кезде бірде-бір тірі қалған адамдарды таппадық», - делінген ұйымның хабарламасында.