Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жерорта теңізінің жағалауында алып киттің денесі табылды
00:11 / 2021-01-22

Жерорта теңізінің Италия мемелекетіне қарасты жағалауының Кампания аймағынан алып киттің өлі денесі табылған.

Итальяндық жағалау күзетінің хабарлауынша, киттің ұзындығы 23 метр болып ол Жерорта теңізінде табылған ең үлкен сүтқоректінің бірі екені айтылған.

Екі патрульдік қайық киттің денесін Неаполь портына жеткізген. Енді ондағы мамандар анатомиялық зерттеу жүргізіп, сүтқоректінің неден мұндай жағдайға тап болғанын анықтайтын болады. 

ВВС агенттігінің хабарынша киттің қаңқасы музейге қою жоспарланған.