Женевадағы фестивальде Өзбекстанның ұлттық стенді БҰҰ мүше мемлекеттер арасында екінші орынды иеленді
Женевадағы «Bazaar-2021» фестивалі аясында ұйымдастырылған көрмеде Өзбекстанның ұлттық стенді БҰҰ мүше мемлекеттер арасында екінші орынды иеленді.
Өзбекстанның дипломатиялық миссиясы БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде Өзбек елінің мәдени мұрасы мен ұлттық тағамдары, сондай-ақ туристік әлеуетінің экспозициясын ұсынылды.

БҰҰ қамқорлығымен өткен көрме «Теңдік, тең мүмкіндіктер және барлығына бірдей жауапкершілік» ұранымен өтіп, фестивальге қатысушылар өзбек шеберлерінің туындылары, түрлі ұлттық киімдері, кәдесыйлар және қыш ыдыстарымен жақыннан танысты.
«Bazaar 2021» фестивалінде қонақтар мен қатысушы елдерді бағалауы бойынша Өзбекстанның ұлттық стенді әлемнің 70 қатысушы елдің арасында 2-ші орынға лайық деп бағаланған.